Данил Устименко: «Өз футболымызды ойнасақ, оң нәтиже болады»

Данил Устименко: «Өз футболымызды ойнасақ, оң нәтиже болады»

15 қазан, 15:26
Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Данил Устименко Македониямен ойын алдында өз ойымен бөлісті.

- Данил, Македониямен ойын алдында команданың көңіл-күйі қалай?

- Керемет! Команда оң нәтиже үшін алаңға шығады. Барлығы ел намысы үшін күресуге дайын.

- Скопьеде Македония футболшыларына қарсы бұрын ойнап едің. Есіңде ме?

- Әрине, 2016 жыл. Сол жылы 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «УЕФА Даму Кубогы» халықаралық турниріне қатысты. Македониямен тең түстік - 0:0. Тең ойын болды. Жеңіс голын салатын сәттер де болды.

- Сол ойында қарсыластардан қай футболшы есіңде қалды?

-  Есімдері есте қалмады. Орталық шабуылшы ойнады. Өте мықты. Әуедегі доптың барлығын тартып алатын.

- Қарсылас туралы не айтасың?

-  Олар топтың көшбасшысы. Күшпен ойнайды. Арандатуға барады. Алайда, жасыл алаңда қалай ойнау керек екенін біз білеміз. Өз жоспарымызды алға қоямыз.

- Жаттығу қалай өтіп жатыр?

- Пайдалы жаттығулар. Бірте-бірте ойынға дайындалып келеміз. Өз футболымызды ойнасақ, оң нәтиже болады.

Бөлісу
Жоғары