Футзалдан Қазақстан Кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды

Футзалдан Қазақстан Кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды

21 қазан, 15:54
Ширек финалдан «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Жетісу» (Талдықорған) және «Аят» (Рудный) командалары сүрінбей өтті. Тағы бір команда атыраулық «Құлагер» мен алматылық «Қайрат» арасында анықталады. Бұл ойын 5 қараша күні өтеді.

Жеребе қорытындысы бойынша жартылай финал жұптары:

«Жетісу» (Талдықорған) - «Аят» (Рудный)

«Ақтөбе» (Ақтөбе) - «Құлагер» (Атырау) vs «Қайрат» (Алматы) жұбының жеңімпазы

Жартылай финалдың алғашқы ойындары 28 қараша күні өтсе, қарымта ойын 13 желтоқсанға жоспарланған. Финал 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. 

Бөлісу
Жоғары