Александр Москаленко: «Тең есеп - заңдылық»

Александр Москаленко: «Тең есеп - заңдылық»

16 қазан, 10:00
Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Москаленко Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Македониямен өткен ойынға (1:1) қатысты пікірін білдірді.

- Ең алдымен команда және жаттықтырушылар штабына алғысымды білдіргім келеді. Барлығы үйлесімді жұмыс атқарып шықты. Ойынның тартысқа толы болатынын күттік. Қарсыластың тарапынан арандату көп болды. Олардың әрекеттеріне бой бермеу маңызды еді.

- Жасыл алаңда қақтығыстар мен ескерту қағаздарының саны көп болды..

- Біздің футболшылардың көбі Бірінші лигада ойнайды. Ол жақты мұндай жылдамдық жоқ. Сол себепті кейде үлгермей жатады. Кейде қажет емес жерде эмоцияға бой береді. Осының барлығы сары қағаздарының санына әсер етті. Еуропалық футболды үйрену қажет.

- Бүгін біз жеңіске жақын болдық па?

- Жеңіс голын соғатын сәттер болды. Өкіншіке қарай, жүзеге асыра алмадық. Македония да гол соға жаздады. Қарсыласымыз алаң иелері болғандықтан, допты көп ұстады. Қазақстан қарымта шабуылдарды керемет ұйымдастырды. Тең есеп заңдылық деп ойлаймын. Сырт алаңда ұпай алдық.

- Македония мен Черногория құрамаларын салыстырып өтсеңіз?

- Македония футболшылары батыл қимылдайды. Ал, Черногория құрамасының техникалық шеберлігі мықты. Македония футболшысы Черногориямен өткен ойында алаңнан қуылды. Сонымен қатар, Түркияда өткен халықаралық турнирде төбелеске дейін бара жаздады. Скопье де өткен ойында қарсыластың қандай ойын ұсынатынына дайын болдық.

Бөлісу
Жоғары