Рауан Орынбасар: «Тартыс пен қақтығыстарға толы ойын»

Рауан Орынбасар: «Тартыс пен қақтығыстарға толы ойын»

16 қазан, 10:28
Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Рауан Орынбасар Македониямен өткен ойынды (1:1) қорытындылады.

- Өте жылдам ойын болды. Тартыс пен қақтығыстарға толы ойын. Өйткені, ешкім жеңілгісі келмеді. Гол салатын мүмкіндіктер екі жақта да болды. Олардың қапталдары өте белсенді. Сонымен қатар, орталық жартылай қорғаушының пасы керемет. Екінші таймда қарсыластың қарқынын бастық. Олар аздап шаршады. Бірінші таймдағы қимылын байқамадық. Жеңісті жұлып алуға ұмтылдық. Сәттілік жетіспеді. Біздің топтағы көшбасшылардың бірімен сырт алаңда тең ойнау жақсы нәтиже деп ойлаймын.

Бөлісу
Жоғары