ҚФФ Президенті Ұлттық құраманың жаттықтырушыларымен кездесу өткізді

ҚФФ Президенті Ұлттық құраманың жаттықтырушыларымен кездесу өткізді

28 қараша 2019, 13:58
Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Қазақстан футбол федерациясының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков құрама командалар департаментінің директоры және ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабымен кездесті. 

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирін қорытындылады. Ұлттық құрама биыл 10 ойын өткізіп, 10 ұпай жинады. Іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының ең жоғары  жетістігін қайталады. Сонымен қатар, іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы 13 гол соғып, 17 гол жіберді. Бұл көрсеткіш те Еуропа және Әлем Чемпионаттарының іріктеу турнирлеріндегі жоғары көрсеткіш болып отыр. 

2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде он ұпай жинаған Қазақстан құрамасы посткеңестік елдер арасында үшінші орынға ие болды. Ресей және Украина құрамалары ғана жоғары орналасты. Қазақстан құрамасы алғаш рет Шотландия құрамасын ірі есеппен ұтып, сырт алаңда Кипрмен алғаш рет тең түсті. 

Кездесуді қорытындылай отыра, Әділбек Жақсыбеков жаттықтырушылар штабының жұмысына оң баға беріп, келесі маусымда Қазақстан Ұлттық құрамасының жетістігін жақсартуды тапсырды. 

Бөлісу
Жоғары