Видео: Қыздар футболының дамуына қатысты жиын өтті

Видео: Қыздар футболының дамуына қатысты жиын өтті

12 ақпан 2020, 12:00
Басқосуға Қазақстан футбол федерациясының өкілдері мен әр аймақтан келген мамандар қатысып, жарыс ережелері мен өтетін мерзімдерін талқылады. 

Сәуір айының екінші жартысында Қазақстан Кубогының ойындарымен қыздар арасындағы маусым шымылдығын ашады. Ел чемпионатының алғашқы ойындары мамыр айында өтеді. Сонымен қатар, осы уақытта жасөспірімдер арасындағы біріншілікті өткізу жоспарланған. 

Жаңа маусымда қыздар футболына көңіл бөлетін аймақтардың қатары артуы мүмкін. Алматы, Ақтау және Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласы қыздар арасындағы ресми турнирлерге қатысуға қызығушылық танытып отыр. 

Бөлісу
Жоғары