ҚФФ мен аймақтық футбол федерацияларының өкілдерінің онлайн-конференциясы ұйымдастырылды

ҚФФ мен аймақтық футбол федерацияларының өкілдерінің онлайн-конференциясы ұйымдастырылды

01 мамыр 2020, 15:50
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің жетекшілері және қызметкерлері аймақтық футбол федерацияларының өкілдерімен видеоконференция өткізді.

Конференцияда ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес Қазақстанда көшеде спорттық жаттығулар жүргізуді қайта жалғастыру мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, аймақтық қауымдастықтардың өзекті сұрақтарына маңызды жауаптар берілді.

- Аймақтарға спорттық жаттығуларды жабық ғимаратта емес, көшеде өткізуді жеткізу маңызды болды. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау негізі талаптардың бірі. Мемлекеттік комиссияның шешімінен кейін федерация аймақтардағы футбол қауымдастықтарының жетекшілеріне келесі қадамдар туралы хабардар етеді, - дейді ҚФФ бұқаралық, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев.

Бөлісу
Жоғары