Қазақстан халқы пандемиядан қайтыс болғандарды еске алады

Қазақстан халқы пандемиядан қайтыс болғандарды еске алады

13 шілде 2020, 09:00
Бүгін Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Барша әлемді дертке қарсы күрес біріктірді.

Біздің елдің басшылығы коронавирус инфекциямен күресу үшін көптеген шаралар қабылдады.

Қорқынышты құбылысқа тап болған Қазақстан азаматтары ынтымақ пен жауапкершілік, мейірімділік пен жанашырлық, бірлік пен батырлықты көрсетіп келеді.

Өкінішке қарай, пандемияға қарсы күресте халық жақындары мен достарынан, әріптестері мен тамыр-таныстарынан айырылды.

Қазақстан халқы орны толмас қайғының азабын тартып келеді.

Пандемия құрбандарын еске алу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де елімізде үнсіздік минуты өтеді.

Қазақстан футбол федерациясының ұжымы, ойыншылар мен бапкерлер, төрешілер мен ардагерлер өмірден өткен қазақстандықтардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтады.

Бөлісу
Жоғары