Алексей Шпилевский бес ойыннан шеттетілді

Алексей Шпилевский бес ойыннан шеттетілді

29 маусым 2020, 10:00
Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті.

Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында ел чемпионатының алғашқы екі турындағы бірқатар матчтар талқыланды.

Футболдан OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының матчының 2-турының «Шахтер» (Қарағанды) - «Қайрат» (Алматы) ойынында бас төрешіге былапыт сөз айтқан «Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы Шпилевский А.Н. 5 матчқа дисквалификацияланды.

Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік ережелерінің 45-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес қабылданған шешімде бас бапкер бес ойынның төртеуін шартты түрде алып отыр. Яғни, «Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы Шпилевский А.Н. бір ойыннан шеттетіледі. Сонымен қатар, бас бапкерге үш ай сынақ мерзімі тағайындалды. Ол ережені қайта бұзатын болса, онда шартты санкция алынып тасталып, нақты дисквалификация қолданылады.

****
Футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 1 және 2-турындағы «Қайсар» (Қызылорда) - «Ертіс» (Павлодар) және «Ертіс» (Павлодар) - «Қызыл Жар» (Петропавл) ойындарының нәтижелері жойылды.

Шешім «Ертіс» ФК жарысқа қатысушылар тізімінен шығарылуына байланыстыҚазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің 23-бабына және жарыс ережесінің 4 бабының 4.18 тармағына сәйкес қабылданды.

Бөлісу
Жоғары