Қазақстан құрамасы Беларусь футболшыларына есе жіберді

Қазақстан құрамасы Беларусь футболшыларына есе жіберді

07 қыркүйек 2020, 21:50
Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасындағы екінші ойынын Беларусьпен өткізді. Ойын Алматы қаласының Орталық стадионында өтті.

Ойынның басында екі команданың ойыншылары бірқатар сәттерді пайдалана алмады. Біздің құрамадан Абат Айымбетов, Бауыржан Исламхан және Абзал Бейсебеков гол соға алмады. Ал, қонақтардың қатарынан Станислав Драгун, Макс Эбонг және Максим Скавыш мүлт кетті. Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов бірнеше қауіпті соққыны қайтарды.

Екінші таймда Максим Бордачев шабуылға араласып, есеп ашты - 0:1. Михал Билек шәкірттерінің қарымта голы ұзақ күттірмеді. Ян Вороговский соққысын беларусьтардың қақпашысы Гутор әрең қайтарды. Кері серпілген допты Абат Айымбетов қақпаға дарытты – 1:1.

Әрі қарай Михал Билек командасы бірнеше ойыншы ауыстырып, жеңісті жұлып алуға жақын болған еді. Беларусь бапкері Михаил Мархель де шабуылды күшейте түсті.

Екінші таймда алаңға шыққан Виталий Лисакович Қазақстан құрамасының қорғаушыларының қателігін пайдаланып, өз құрамасын алға шығарды – 1:2.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 11 қазан күні Алматыда Албаниямен өткізеді.

 

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі - футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Бөлісу
Жоғары