Абат Аймбетов: «Ұлттық құраманың жетістігін алға қоямын»

Абат Аймбетов: «Ұлттық құраманың жетістігін алға қоямын»

08 қыркүйек, 00:40
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Беларусьқа қарсы ойын туралы пікірін білдірді.

- Абат, ұлттық құрамадағы алғашқы голыңмен құттықтаймын. Қарсыластың қақпасына гол соққанда қандай әсерде болдыңыз?

- Еліміздің бас құрамасында ойнау үшін көп еңбек еттім. Ұлттық құрамада гол салғаныма қуаныштымын, алайда, ойын нәтижесіне көңілім толмайды. Ұлттық құраманың жетістігін алға қоямын. Оң нәтижеге қол жеткізуге жақын едік. Әрі қарай жұмысты жалғастырамыз.

- Қазан айында Албания және Беларусь құрамаларына қарсы ойнаймыз. Осы кездесулерден не күтуге болады?

- Сырт алаңда Беларусьпен өтетін ойын маңызды болмақ. Жанкүйерлердің алдында қарымта қайтарғымыз келеді. Албания - топтың көшбасшысы. Қызықты қарсыластардың бірі деп ойлаймын. Қолдау көрсетіп жатқан жанкүйерлерге алғыс білдіремін. Ел үшін, жанкүйерлер үшін ұлттық құраманың намысын абыроймен қорғауға күш саламыз.

 


Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі - футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Бөлісу
Жоғары