Асхат Тағыберген: «Жанкүйерлердің қолдауын сезінеміз»

Асхат Тағыберген: «Жанкүйерлердің қолдауын сезінеміз»

12 қазан, 00:00
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап беріп, УЕФА Ұлттар лигасында Албаниямен өткен ойын туралы пікірін білдірді

- Асхат, ойынның нәтижесін заңды деп қабылдауға болады ма?

- Бүгін екі команда да жеңіске жету үшін ойнады. Қарсыласта гол соғуға бірнеше мүмкіндік болды. Біздің топтағы командалардың деңгейі бірдей. Барлығы бірінші орын алғысы келеді. Біздің мақсатымыз да - бірінші орын. Бүгінгі нәтиже ойынға сай болды деп ойлаймын.

- Ұлттық құраманың бірнеше жетекші ойыншылары бұл кездесуге қатысқан жоқ. Олңардың ауыстыра алдық деп ойлайсыз ба?

- Олардың орнын басатын футболшылар бар деп ойлаймын. Өйткені, ұлттық құраманың әр ойыншысының біліктілігі жоғары. Барлығы алаңға шығып, қажетті нәтиже үшін бар күш-жігерін беруге дайын. Біз жүз пайыз емес, екі жүз пайыз ойнаймыз деп айта аламын.

- Келесі қарсылас - Беларусь құрамсы. Осы ойын туралы қандай ойыңыз бар?

- Тартысты ойын күтіп тұр. Қарсылас та, біз де жеңіске жетуді көздейміз. Жанкүйерлердің қолдауын сезінеміз.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі - футболдан Қазақстан құрамасының серіктесі

Бөлісу
Жоғары