Михал Билек: «Ұлттық құрама жақсы нәтижеге жетуді қалайды»

Михал Билек: «Ұлттық құрама жақсы нәтижеге жетуді қалайды»

10 қазан, 18:38
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек пен команданың қорғаушысы Марат Быстров Албаниямен ойын қарсаңында баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Михал Билек, Қазақстан құрамасының бас бапкері:
 
- Қарсыластың деңгейі туралы не айтасыз?
 
- Албания жақсы ойыншылардан құралған мықты қарсылас. Мықты ойыншыларының келе алмағанына қарамастан ойын оңай болмайтыны анық. Соңғы ойында жеңіліп қалдық. Алайда, футболшылардың жеңіске жеткісі келетінін көріп тұрмын. Бірқатар қорғаушылар қатардан шығып қалды. Алайда, олардың орнын толтыратын ойыншылар бар.

- Зайнутдиновтің ЦСКА-ға ауысқаны туралы не ойлайсыз?
 
- Жақсы таңдау. ЦСКА сапында бірнеше ойынын қарадым. Зайнутдинов - бірнеше позицияда ойнай алатын жан-жақты футболшы.
 
- Бауыржан Исламханның денсаулығы туралы айтсаңыз?
 
- Албаниямен ойынға алаңға шығу мүмкіндігі ертең белгілі болады.
 
- Айбар Жақсылықов пен Владислав Васильев алаңға шығуға мүмкіндік алады ма?
 
- Айбар - жас футболшы, чемпионатта жақсы қырын көрсете алды. Жиі ойнағаны абзал. Васильев - сапалы жартылай қорғаушы. Ойын тәжірибесі бар. Сол себепті ұлттық құрамаға шақырдық.

 

Марат Быстров, Қазақстан құрамасының қорғаушысы:
 
- Марат, ресейлік «Ахмат» командасына ауысқаннан кейін ұлттық құрамаға жиі шақырыла бастадыңыз...

- Мүмкін солай шығар... «Ордабасыда» қалсам да шақырылуым мүмкін еді. Ең бастысы сенім мен көп еңбек ету.  

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі - футболдан Қазақстан құрамасының серіктесі
 

 

Бөлісу
Жоғары