17 жасқа дейінгі жаcөспірімдер арасында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

17 жасқа дейінгі жаcөспірімдер арасында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

09 желтоқсан, 21:30
Құрлық біріншілігінің финалдық кезеңі 2022 жылға жоспарланған.

Іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының штаб-пәтерінде өтті.

УЕФА бөлім басшысы Лэнс Келли жеребе тартып, Қазақстан құрамасы XI іріктеу тобына кірді.

Артём Гавриленко дайындайтын Қазақстан жасөспірімдер құрамасына Португалия, Украина және Уэльс құрамалары қарсылас атанды.

Алдын-ала іріктеу кезеңінің матчтары 2021 жылдың 1 шілдесі мен 16 қарашасы аралығына жоспарланған.

Турнир ережесіне сәйкес, әр топтан екі мықты команда және үшінші орын алғандардың ішінен төрт үздік команда элиталық іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Элиталық кезеңнің сегіз жеңімпазы мен екінші орын иеленген жеті команда жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионатының финалына қатыса алады.

Еуропа Чемпионаты 2022 жылдың көктемінде Израильде өтеді.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Фото: Гарольд Каннингем / UEFA / Getty Images

Бөлісу

Жаңалықтар

30 қар., 20:30
Жоғары