Қазақстан мен Солтүстік Македония әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу матчы жабық өтеді

Қазақстан мен Солтүстік Македония әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу матчы жабық өтеді

27 қараша, 09:00
Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерінің назарына!

Санитариялық-эпидемиологиялық шараларын сақтау қажеттігін ескере отырып, Қазақстан футбол федерациясы әйелдер арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Солтүстік Македония ойыны жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін жабық өтетінін еске салады. Ойынға ресми хабар таратушылар ғана қатыса алады. 

Тікелей трансляция Қазақстан футбол федерациясының YouTube арнасында көрсетіледі. 

Назарларыңызға рахмет!
 

Бөлісу
Жоғары