Қазақстан футбол федерациясы зағип жандар мен нашар көретін спортшыларға қолдау көрсетті

Қазақстан футбол федерациясы зағип жандар мен нашар көретін спортшыларға қолдау көрсетті

25 қараша, 19:00
Алматыда Blind Football қайырымдылық турнирі өтті.

Көру қабілеті ішінара немесе толықтай жоғалған адамдарға арналған Blind Football жобасы әлем футболы қауымдастығынан өз орнын ала бастады.

Жақында Blind Football жарыстары Жазғы Паралимпиаданың ресми бағдарламасына енді.

Халықаралық әлеуметтік жоба біздің елімізде үшінші жыл жүзеге асырылып, белсенді азаматтардың арқасында қарқынды дамып келеді.

Осыдан біраз уақыт бұрын Халықаралық көзі көрмейтін жандардың спорт федерациясының (IBSA) білім гранты аясында Еуропаның білікті мамандары Қазақстанда жиналды. IBSA ұйымының Blind Football бөлімінің төрағасы Ульрих Пфистерер мен IBSA ұйымының Еуропадағы Blind Football дамыту бағдарламасының жетекшісі Дэвид Стиртон біздің елдің мамандарымен форумда тәжірибе алмасты.

Blind Football жобасының кәсіби ерекшеліктеріне келетін болсақ, бәсекелестер үш халықаралық санатқа бөлінеді. Б-1 ойыншылары мүлдем көрмейтін жандар. Көру қабілеті нашар адамдар көру мүшелерінің зақымдану дәрежесіне байланысты «В-2» және «В-3» санаттарына бөлінеді.

Жарыс арнайы доппен ойнатылады. Blind Football жобасы қабылдаған арнайы ережеге сәйкес, ойын 25 минуттық екі таймнан тұрады және 5 х 5 форматында ықшам алаңдарда өтеді.

Біздің елде Blind Football жобасын Қазақстан футбол федерациясы мен Ұлттық паралимпиадалық комитеттің ынтымақтастығымен жүзеге асырылып келеді. Екі ұйымның арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

Жақында Қазақстан футбол федерациясының Футбол үйінде Blind Football құрамасының тұсаукесері өтті. Команданың ойыншыларымен және жаттықтырушыларымен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков және ҚФФ Атқарушы комитетінің өкілдері кездескен болатын.

Биылғы Blind Football турнирінің ашылу салтанатына Қазақстан футбол федерациясының Ұлттық командалар департаментінің директоры Қайрат Нұрдәулетов қатысты.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагері Қайрат Жұмабекұлы зағип футболшылардың алдында сөз сөйлеп, Қазақстан футбол федерациясы сатып алған Justa Blind Sports Mask арнайы көзге байлауыштарды табыстады.

Жарыс Сергей Квочкин атындағы «Қайрат» ФК резервтік академиясының көгалында өтті. Спорт нысаны спорттың осы түріне арнайы өзгертілген. Турнирге алты команда қатысты. Ең алдымен екі топтан тұратын іріктеу кезеңі аяқталып, әрі қарай плей-офф кезеңінде жеңімпаздар анықталды. Екінші орын алған ұжымдар үшінші орын үшін талас жүргізіп, іріктеу тобының мықтылары турнир жеңімпазы атағы үшін күресті:

 

О

Командалар

1

2

3

Ж

Т

Ж

Д/а

Ұ

О

1

BLIND  1

 

 

3 - 0

2

 

 

6 - 0

6

1

2

Ling Long Tire

0 - 3

 

2 - 1

1

 

 

2 - 4

3

2

3

Coach Team

0 - 3

1 - 2

 

 

 

2

1 - 5

0

3

                           
                           

Командалар

1

2

3

Ж

Т

Ж

Д/а

Ұ

О

1

BLIND  2

 

2 - 1

2 - 0

2

 

 

4 - 1

6

1

2

FC Taraz

1 - 2

 

2 - 2

 

1

1

3 - 4

1

2

3

IB Group

0 - 2

2 - 2

 

 

1

1

2 -4

1

3

 

5-6 орын үшін матч: Coach Team – IB Group - 0:0 (1:3, пен.)

3-4 орын үшін матч: Ling Long Tire – FC Taraz - 0:0 (4:3, пен.)

1-2 орын үшін матч: Blind-I – Blind-II - 0:0 (3:2, пен.)

«Достық турнирі керемет ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар паралимпиадалық қозғалыстың ерекше әсерін сездіре алды. Көптеген адамдар Blind Football жобасымен алғаш рет кездесті. Алайда, олар ойын ережелерін тез меңгеріп, ұмытылмас әсер алды. Футболшылар мен жаттықтырушылар үшін турнирдің маңыздылығы тәжірибе жинау болды. Қазақстан футбол федерациясына жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, қатысушыларды орналастырып және арнайы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз еткені үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің спортшылар үшін бұл жарыс халықаралық арена алдында үлкен сынақ болды. Желтоқсан айында қазақстандық спортшылар Ресейдің ашық кубогына қатысады», - дейді Blind Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Анатолий Антипин.

«Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық комитеті арасында ұзақ уақыттан бері келе жатқан нәтижелі ынтымақтастық бар. Спорттың бұл түрінен Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар құрамымен байланыс орнатылды. Мұндай жобаларға көмек көрсетуді ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбековтың жеке бақылауына алды. Қазақстан футбол федерациясын мен ұлттық құрамалардың атынан Blind FootbalI ойыншыларына сәттілік тілеймін. Жарысқа қатысушыларға қолдау көрсеткеніміз үшін қуаныштымыз. Алдағы уақытта да тығыз қарым-қатынас сақтала бермек», - дейді ҚФФ Ұлттық командалар департаментінің директоры Қайрат Нұрдәулетов.

Бөлісу
Жоғары