Қазақстан әйелдер құрамасының Солтүстік Македония мен Францияға қарсы кеңейтілген құрамы

Қазақстан әйелдер құрамасының Солтүстік Македония мен Францияға қарсы кеңейтілген құрамы

23 қараша, 18:20
Жаңа ойындар қарсаңында Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушылар құрамы ойыншылардың алдын-ала тізімін жариялады.

Иван Азовский шәкірттерінің дайындығы Талғардағы ұлттық құраманың оқу-жаттығу базасында өтеді.

Қазақстан мен Солтүстік Македония әйелдер құрамаларының ойыны 27 қарашаға жоспарланған.

Матч Алматыда Орталық стадионда өтеді.

1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға қараған түні Қазақстан құрамасы Франция құрамасымен сырт алаңда ойнайды.

Ойынды Ванн қаласындағы «Стад де ла Рабин» стадионы қабылдайды.

Аталған матчтар отандастарымыздың әйелдер арасындағы қазіргі континентальдық чемпионаттағы өнерін аяқтайды.

Қазақстан әйелдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны 24 қарашада басталады.

Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Ирина Сандалова («Хайаса», Армения), Назым Исмаилова («Оқжетпес»), Миллана Бурдакова (№8 БЖМОРСМ);

Қорғаушылар: Екатерина Красюкова, Екатерина Бабшук, Александра Бурова, Мария Демидова, Зулейра Әбішева (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»), Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (екеуі де - «Оқжетпес»), Жанерке Перме, Әйгерім Айтымова, Камила Совет (барлығы - №8 БЖМОРСМ), Шохиста Ходжашева («Hakkarigucu Spor», Түркия)

Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева, Анастасия Власова (екеуі де - «Оқжетпес»), Аида Гайстенова («Зенит», Ресей), Ксения Хайрулина («Жилстрой -2», Украина), Әселхан Тұрлыбекова, Адиля Вылданова, Камила Құлмағамбетова, Карина Жұмабайқызы (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»), Эльдана Айтымбетова (Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК);

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Лейла Садықова («Оқжетпес»), Светлана Ступина («Жас Қыран»), Фаиза Исмаилова, Тоқжан Бекпенбет (екеуі де - №8 БЖМОРСМ).

Бапкерлер құрамы: Иван Азовский - бас жаттықтырушы, Орынбасар Дәуренбекова - жаттықтырушының көмекшісі, Александр Убыкин - қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров - дәрігер, Евгения Ларина - массажист, Данияр Әнес - менеджер, Төлеухан Көлдіков - матч-менеджер, Омар Шүкіров - видеооператор.

Ойыншылардың ресми тізімі ойындар қарсаңында анықталады.

Мәскеулік ЦСКА қорғаушысы Юлия Мясникова ескі жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыспайды. Сонымен қатар, шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» командасының жартылай қорғаушысы Мадина Жанатаеваның сырқатына байланысты көмектесе алмайды.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу
Жоғары