ҚФФ басшысы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасымен кездесті

ҚФФ басшысы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасымен кездесті

08 желтоқсан 2020, 19:30
Сәрсенбі күні біздің команда Еуропа чемпионатының жаңа іріктеу кезеңінің ойынын өткізеді.

Ойын кестесі бойынша Қазақстан құрамасы алғашқы іріктеу ойынында Венгрия құрамасын қабылдайды.

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны Нұр-Сұлтанда өтіп жатыр.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков кездесуде бірқатар жетекші ойыншының қатардан шығып қалғанына қарамастан, оң нәтижеге жету үшін бар күш-жігерді салу керек екенін айтты.

«Қазақстан футбол федерациясы команданың дайындығы үшін қолайлы жағдай жасып, жақсы алаңдарды ұсынды.

Қатардан шығып қалған ойыншылардың орнын басатын қосалқы құрамның ынталы ойыншылары шақырылды. Ертең Қазақстан құрамасы жаңа іріктеу кезеңін сәтті бастайды деп сенеміз.

Қазақстан құрамасының қалыптасқан сапалы ойыны, сонымен қатар бапкерлер мен ойыншылардың кездесуге жауапкершілікпен қарауы табысты нәтиженің кепілі болмақ.

Ақ жол, іске сәт, қымбатты достар!»

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков

 

Бөлісу

Жаңалықтар

30 қар., 20:30
Жоғары