19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

09 желтоқсан 2020, 22:00
Финалдық кезең 2022 жылы өтеді.

Жеребе тарту рәсімі УЕФА штаб-пәтерінде өтті.

УЕФА бөлім басшысы Лэнс Келли жүргізген шарада Қазақстан құрамасы XIII іріктеу тобына түсті.

Александр Фамильцев шәкірттері Чехия, Дания және Солтүстік Ирландия құрамаларымен ойнайды.

Алдын-ала іріктеу кезеңінің матчтары 2021 жылдың 30 тамызы мен 16 қарашасы аралығында өтеді деп жоспарланған.

Турнир ережесіне сәйкес әр топтан екі мықты команда және үшінші орын иегерлерінің ішінен ең жақсы көрсеткішке ие болған элиталық іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Элиталық кезең топтардың бес жеңімпазы және екінші орын иегерлерінің үшін ең үздік құрама финалдық кезеңге шығады.

Еуропа чемпионатын 2022 жылдың жазында Словакияда өтеді.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Фото: Гарольд Каннингем / UEFA / Getty Images

Бөлісу

Жаңалықтар

30 қар., 20:30
Жоғары