«Ақсу» – республикалық «Арман» турнирінің жеңімпазы

«Ақсу» – республикалық «Арман» турнирінің жеңімпазы

27 наурыз 2022, 21:26
Таразда 2004 жылғы жасөспірімдер арасындағы республикалық «Арман» турнирінің ақтық кезеңі аяқталды.

Топтық кезең нәтижесі бойынша финалға «Қайрат» пен «Ақсу» шықты. Шешуші ойында «Ақсу» алматылықтарды тізе бүктірді.

Республикалық «Арман» турнирінің ақтық ойындарының нәтижелері:

7-орын үшін матч

«Семей» - «Тұран» - 1:7 (0:6)

Голдар: Ахметқазыев 71 – Мажидов 6, Басымбек 13, 15, 25, 43, Молдақараев 26, Нұралы 72

Ескерту: Радченко 75

Қызыл қағаз: Радченко 85 («Семей»)

 

5-орын үшін матч

«Тобыл» - «Ақтөбе» - 4:3

Голдар: Бақыткириев 14, Бочаров 42, Қаженов 84, О-Юн-Бем 90+1 – Садовой 38 (пенальти), Мұратов 57, Тілеуғабылов 61;

Ескертулер: Бақыткириев 29, Топыш 51, Бақытжанов 63 – Тұяқбаев 19, Жангелдіұлы 33, Тілешов 75;

 

3-орын үшін матч

«Тараз» - «Ордабасы» - 3:2 (1:1)

Голдар: Нұрымбет 21, Баймолда 46, Қасым 84 – Завьялов 31 (пенальти), Әзімбай 71

Ескертулер: Ниязымбетов 72 – Беғалиев 19, Нұрбосынов 21, Әзімбай 72, Тамалов 77

 

Финал

«Қайрат» - «Ақсу» - 1:2 (0:2)

Голдар: Құсаинов 54 – Анищенко 20 (пенальти), 41

Ескертулер: Хануев 31 – Кузнецов 18, Агиманов 38

 

Командалардың қорытынды кестедегі орындары:

  1. «Ақсу», Павлодар қ.
  2. «Қайрат», Алматы қ.
  3. «Тараз», Тараз қ.
  4. «Ордабасы», Шымкент қ.
  5. «Тобыл», Қостанай қ.
  6. «Ақтөбе», Ақтөбе қ.
  7. «Тұран», Түркістан қ.
  8. «Семей», Семей қ.

Ақтық кезең нәтижесі бойынша турнирдің үздік ойыншылары мына номинациялармен анықталды:

Үздік қақпашы: Никита Политик («Қайрат»)

Үздік қорғаушы: Азамат Қанат («Ақсу»)

Үздік жартылау қорғаушы: Дониер Салахотдинов («Тараз»)

Үздік шабуылшы: Әлібек Нұрбекұлы («Қайрат»)

Сұрмерген: Әбинұр Нұрымбет («Тараз», 8 гол)

Үздік ойыншы: Максим Анищенко («Ақсу»)

Бөлісу
Жоғары