Талғарда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының селекциялық жиыны өтіп жатыр

Талғарда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының селекциялық жиыны өтіп жатыр

21 қазан 2022, 10:54
17 қазан күні Талғар базасында 18 жасқа дейінгі Қазақстан аралық құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды.

Селекциялық жиынға 2005 жылғы ойыншылар қатысады. 24 қазанға дейін жалғасатын жиын аясында Қазақстан құрамасы үш жолдастық кездесу өткізеді.

Оқу-жаттығу жиынына шақырытылған футболшылардың тізімі:

Қақпашылар: Әбілқайыр Әлиақбар («Қайсар»), Санжар Ергеш («Тұран»), Давид Ваньков («Жас Қыран»);

Қорғаушылар: Руслан Захаров, Павел Сухомлинов (екеуі де – «Жас Қыран»), Родион Волошин («Академия 05»), Тагир Сәкенов («Шахтер»), Ақжол Абдрахманов («Антальяспор», Түркия), Артем Литош, Богдан Захарченко (екеуі де – «Қайрат»), Қаныбек Тұрғынбаев («Тұран»), Ринат Ақберген («Байқоңыр»);

Жартылай қорғаушылар: Эмин Мусаев («Жас Қыран»), Димаш Сайын, Бахтишат Абдуллаев (екеуі де – «Академия 05»), Нұрымбет Әбинұр, Абзал Баймолда (екеуі де – «Тараз»), Максим Холод («Шахтер»), Олег Солтанов («Атырау»), Әнуар Аманжанов («Алтай»), Ерасыл Сәрсенбай («Тұран»), Әлішер Кенжеғұлов («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Глеб Абдрахманов («Оқжетпес»), Сұлтан Шымырхан («Оңтүстік Академиясы»), Даниял Таханов («Шахтер»), Ислам Амангелдиев («Ақжайық»), Хансұлтан Айту («Ордабасы»), Мейіржан Бағланұлы («Академия 05»);

Бапкерлер штабы: Александр Кузнецов – аға бапкер, Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі, Дмитрий Юрков – аға бапкердің көмекшісі, Ерлан Тілеуқұлов – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Александр Кузнецов оқу-жаттығу жиыны туралы айтып берді.

«Бұл селекциялық жиынға өткен жылы U-17 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде ойнаған 2005 жылғы ойыншылар қатысады. Ұлттық құрамалар институтында жүйелі даму мен сабақтастық болуы қажет. Осы мақсатта U-18 құрамасы құрылды. Осылайша біз оларды U-19 командасына біртіндеп көшуге дайындаймыз.

Мен бұл жігіттерді U-15-тен бері танимын. Біз Армения мен Болгариядағы УЕФА Даму турниріне қатысқанбыз. Жігіттердің қалай күшейгенін, сонымен қатар жасөспірімдер құрамасында да, өз клубтарында да мүлдем басқа тәжірибесі бар екенін көріп жүрміз. Ойыншылардың көбісі Екінші лигада өнер көрсетеді, олардың бір бөлігі Бірінші лигада ойнайды.

Қараша айында Португалияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын U-17 құрамасы үшін 2006 жылғы төрт ойыншыдан тұратын топты қарастырып отырғанымызды атап өтемін», – деді Кузнецов.

Бөлісу
Жоғары