Supernovas: Қазақстанда балалар футболының тегін секциялары көбейеді

Supernovas: Қазақстанда балалар футболының тегін секциялары көбейеді

03 сәуір 2023, 19:14
Supernovas халықаралық жобасы Қазақстан бойынша балаларға арналған тегін футбол секцияларын ашуға өтінімдерді іріктеуді бастайды. Жоба 2022 жылы іске қосылып, төрт футбол секциясы ашылды, онда 200-ден астам бала айналысады.

Supernovas – бұқаралық балалар спортын дамыту бойынша inDrive компаниясының коммерциялық емес футбол жобасы.

Балаларға арналған тегін секция ашу үшін 2023 жылғы 30 наурыз бен 30 сәуір аралығында сайтқа өтініш беру қажет. Мұны футболдан балалар жаттықтырушысы болғысы келетін әрбір адам жасай алады. Осы жылдың соңына қарай елімізде осындай 10 секция жұмысқа қосу жоспары бар.

inDrive үшін қазіргі әділетсіздікпен күресу маңызды – бұл компанияның миссиясы. Supernovas балалардың мектептен тыс үйлесімді дамуы үшін жеткілікті мүмкіндіктері жоқ шалғай елді мекендерде балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Жобаның міндеті – балалардан кәсіби футболшыларды тәрбиелеу емес, оларға салауатты өмір салтын қалыптастыру, ойыннан ләззат алуға үйрету, құрдастарымен қауіпсіз, қолдаушы және жайлы ортада танысуға және сөйлесуге мүмкіндік беру.

Үміткерлердің соңғы іріктеуі жобаның серіктесі – iСoachКids жаһандық компаниясымен өтеді, ол көптеген жылдар бойы бүкіл әлем бойынша балалар жаттықтырушыларын оқытып келеді. Іріктеу аяқталғаннан кейін inDrive жаттықтырушылар мен балаларға қолдау көрсетеді: психологиялық және әдістемелік көмек ұйымдастырады, футбол формасымен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді.

2022 жылы inDrive жобасы аясында Қазақстанның төрт қаласында: Жәнібек (БҚО), Зеренді (Ақмола обл.), Ұлытау (Ұлытау обл.) және Алтайда (ШҚО) балаларға арналған футбол секцияларын ашты.

Бөлісу
Жоғары