ҚФФ Атқарушы комитетінің кезекті жиыны өтті

ҚФФ Атқарушы комитетінің кезекті жиыны өтті

14 сәуір 2023, 16:13
14 сәуір күні Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің жиыны өтті. 

Басқару аппаратын күшейту мақсатында Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президент лауазымы енгізілді. Бұл қызметке Абраев Олжас Шәкенұлы тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін ҚФФ бас хатшысы міндетін атқарып келді.

Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің шешімімен бас хатшы қызметіне Дудин Андрей Юрьевич бекітілді. Ол бұған дейін ҚФФ даму департаментінің директоры міндетін атқарып келді.  

Бөлісу
Жоғары