Ұлттық құраманың ойыншылары батыр балалармен кездесті

Ұлттық құраманың ойыншылары батыр балалармен кездесті

07 сәуір 2023, 19:37
Қазақстан ұлттық құрамасының және «Астана» футбол клубының ойыншылары Исламбек Қуат пен Михаил Габышев төтенше жағдай кезінде батыл шешім қабылдап, достары мен жақындарының өмірін құтқарып қалған батыр балалармен жүздесті. 

Қаһарман балалардың батылдығының арқасында елімізде 9 адамның өмірі құтқарылды. Біздің мақтаныштарымыз Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының 8 және 16 жас аралығындағы балалар. 

Елордада өткен марапаттау рәсіміне 11 қазақстандық оқушы мен олардың ата-аналары шақырылған. Салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев пен ҚР Ақпарат және қоғамды дамыту министрі Д.Қыдырәлі қатысты. Іс-шараға қатысқан балалар елорданың мәдени және спорт нысандарын тамашалап, өмірде үлгі тұтар тұлғаларымен кездесті.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары