Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландиядан жеңісті жұлып алды 

Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландиядан жеңісті жұлып алды 

20 маусым 2023, 10:16
Еуро-2024 іріктеу кезеңінің кезекті ойыны Солтүстік Ирландия астанасы Белфастта өтті. 

«Уиндзор Парк» стадионында өткен ойында кездесу тағдырын екінші таймда алаңға шыққа Абат Айымбетов шешті. Ол жасыл алаңға 81 минутында шыққан болатын. Ұлттық құрама шабуылшысы 60 метр қашықтықты доппен жүгіріп өтіп, жол орай үш қарсыласын алдап кетті. Осы голдың арқасында Қазақстан құрамасы үш ұпайды еншіледі.

Біздің футболшылар Н іріктеу тобында тоғыз ұпаймен екінші орында келеді. Көш басында тұрған Финляндияның ұпайы да тоғыз. Алайда, қосымша көрсеткіштердің арқасында бірінші орында тұр. 

Қазақстан құрамасы келесі ойынын қыркүйек айында өз алаңында өткізеді. Қарсыластары Финляндия (7 қыркүйек) және Солтүстік Ирландия (10 қыркүйек). 

Солтүстік Ирландия – Қазақстан – 0:1 (0:0)

Гол: Абат Айымбетов 88;

Ескертулер: Джордж Сэвилл 66 – Нұралы Әліп 67, Асхат Тағыберген 70;

Солтүстік Ирландия: Бэйли Пикок-Фаррелл, Джордан Томпсон (Киарон Браун 84), Крейг Каткарт, Джонни Эванс (Конор Макменамин 63), Патрик Макнейр, Трэй Хьюм, Алистер Макканн (Дэйл Тэйлор 71), Джордж Сэвилл, Ши Чарльз, Дион Чарльз (Шейн Лавери 72), Айзек Прайс;

Қазақстан: Игорь Шацкий, Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Марат Быстров, ​Александр Марочкин, Михаил Габышев, Асхат Тағыберген (Еркін Тапалов 81), Абзал Бейсебеков, ​Бақтиер Зайнутдинов (Исламбек Қуат 74), Рамазан Оразов (Эльхан Астанов 81), Максим Самородов (Абат Айымбетов 81);

Бас төреші: Рой Райншрайбер (Израиль).

19.06.2023. «Уиндзор Парк», Белфаст, Солтүстік Ирландия.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары