Қазақстан – Финляндия және Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчтарының билеттері онлайн сатылымға шықты

Қазақстан – Финляндия және Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчтарының билеттері онлайн сатылымға шықты

08 тамыз 2023, 11:22
Қазақстан футбол федерациясы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Финляндия және Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчтарының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлайды.

Қазақстан – Финляндия ойыны 7 қыркүйек күні сағат 20:00-де басталады. Солтүстік Ирландияға қарсы кездесу 10 қыркүйекте, сағат 19:00-ге жоспарланған. Қос ойын да «Астана Арена» стадионында өтеді.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттердің құны 1500 теңгеден басталады.

Ұлттық құраманы қолдап, матчтың 12-ойыншысы атаныңыз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды!

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Бөлісу
Жоғары