Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырылған құрамы

Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырылған құрамы

29 тамыз 2023, 10:55
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Марат Еслямов Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 4 қыркүйекте басталып, 12 қыркүйекке дейін жалғасады. Дайындық аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ресей U-17 құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді.

Тізімге 24 ойыншы енді.

Қақпашылар: Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»), Александр Латычевский («Ақжайық»), Шерхан Қалмұрза («Қайрат»);

Қорғаушылар: Абзал Сағын («Астана»), Әмірбек Базарбаев, Данияр Ташпулатов, Адлан Нұрғалиев (барлығы – «Қайрат»), Әлім Ахметов («Жетісу»), Ерасыл Темерші («Жас Қыран»), Дарын Оспан («Ақтөбе»), Әнуар Абдашим («Оңтүстік»)

Жартылай қорғаушылар: Евгений Кузнецов, Аламгир Смақов, Кәрім Махаметжан, Мәнсүр Бірқұрманов (барлығы – «Қайрат»), Кирилл Овчинников («Жетісу»), Нұрдәулет Орынбасар («Тараз»), Захар Порох («Оңтүстік»), Арсений Блохин («Каспий»);

Шабуылшылар: Еркін Әлімжан («Екібастұз»), Бағдәулет Нұралы («Ордабасы»), Дастан Сәтбаев («Қайрат»), Нұрасыл Әбілқайыров («Каспий»), Глеб Макридов («Шахтер»);

Бапкерлер штабы: Марат Еслямов – аға бапкер, Қайрат Белгібаев – дене даярлығы жаттықтырушы, Павел Жуков – қақпашылардың жаттықтырушысы, Азамат Серікбаев – бейнесарапшы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Ойбек Пулатов – массажист, Әнуар Жандарбеков – менеджер.

Ойын күнтізбесі:

8 қыркүйек

Қазақстан U-17 – Ресей U-17 – 17:00

11 қыркүйек

Қазақстан U-17 – Ресей U-17 – 11:00

 

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары