Қазақстан U-21 құрамасының Испанияға қарсы құрамы

Қазақстан U-21 құрамасының Испанияға қарсы құрамы

03 қазан 2023, 12:22
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов Еуро-2025 іріктеу кезеңінің Испанияға қарсы ойынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Қазан айында Қазақстан U-21 құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Испания құрамасына қарсы ойнайды. Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Испания, Бельгия, Шотландия, Мажарстан және Мальта құрамаларымен бірге «В» тобына түсті.

Матч 17 қазанға жоспарланған. Кездесу «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 19:30-да басталады. Билеттер жуырда ticketon.kz сайтында сатылымға шығады.

Тізімге 23 ойыншы енді.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Никита Пивкин («Елімай»), Санжар Ерниязов («Ақжайық»);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Атырау»), Александр Широбоков, Дамир Қасаболат, Сұлтан Асқаров, Лев Кургин, Александр Мрынский, Егор Ткаченко (барлығы – «Қайрат»), Әділхан Добай («Мақтаарал»);

Жартылай қорғаушылар: Нұрғайни Бөрібаев («Тұран»), Мейрамбек Қалмырза («Оқжетпес»), Әділет Садыбеков, Жаннұр Көкеев (екеуі де – «Қайрат»), Давид Есімбеков («Жетісу»), Абылайхан Назымханов, Айбар Абдулла (екеуі де – «Шахтер»), Нұрали Жақсылық («Астана»), Бейбіт Ғалым («Тобыл»);

Шабуылшылар: Сэйф Попов («Қайрат»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь);

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға бапкер, Нұрбол Жұмасқалиев – аға бапкердің көмекшісі, Асқар Ыдырысов – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың жаттықтырушысы.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан жастар құрамасының бас серіктесі

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары