«Янг Бойз» - «Манчестер Сити» кездесуінде қазақстандық төрешілер жұмыс істейді

«Янг Бойз» - «Манчестер Сити» кездесуінде қазақстандық төрешілер жұмыс істейді

24 қазан 2023, 20:37
Қазақстандық төрешілер Данияр Сахи, Сергей Калачев және Юрий Тихонюк УЕФА жастар лигасының аясындағы «Янг Бойз» пен «Манчестер Сити» арасындағы ойынға тағайындалды.

Матч 25 қазан күні Астана уақытымен 18:30-ға жоспарланған. Ойын Швейцарияның Тун қаласындағы Стокхом аренасында өтеді.

Кездесудің бас төрешісі болып Данияр Сахи тағайындалды. Оған Сергей Калачев пен Юрий Тихонюк көмектеседі. Төртінші төреші қызметін швейцариялық Аноен Канагасингам атқарады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары