Болат Сариев УЕФА жастар лигасының матчына төрелік етеді

Болат Сариев УЕФА жастар лигасының матчына төрелік етеді

06 қараша 2023, 15:38
УЕФА жастар лигасының матчында қазақстандық төрешілер қызмет етеді.

«Шахтер» (Украина) мен «Барселона» (Испания) жастар құрамалары арасындағы ойынға оралдық Болат Сариев бас төреші болып тағайындалды. Оған Дмитрий Белоградов (Павлодар) пен Самат Тергеусізов (Алматы) көмектессе, германиялық Конрад Олдхафер қосалқы төреші қызметін атқарады.

Матч ертең, 7 қарашада Нордерштедт қаласындағы (Германия) Эдмунд Пламбек стадионында өтеді.

Бөлісу
Жоғары