Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

30 қазан 2023, 20:41
Қазақстан футбол федерациясы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлайды.

Қазақстан – Сан-Марино ойыны 17 қараша күні сағат 21:00-де басталады. Матч «Астана Арена» стадионында өтеді.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттердің құны 1500 теңгеден басталады.

Ұлттық құраманы қолдап, матчтың 12-ойыншысы атаныңыз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды! 

«OLIMPBET» букмекер компаниясы - футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас серіктесі

Sport Qory спортты қолдау қоры - Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары