Словения – Қазақстан матчында қазақстандық жанкүйерлерге арналған ақпарат

Словения – Қазақстан матчында қазақстандық жанкүйерлерге арналған ақпарат

25 қазан 2023, 15:24
20 қараша күні Любляна қаласында Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі шешуші матчтардың бірі өтеді. Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен кездеседі. Ойын жергілікті уақытпен сағат 20:45-те басталады (Астана уақытымен 01:45-те).

Ойын «Стожице» стадионында өтеді (Vojkova cesta 100, 1000 Ljubljana). Қазақстандық жанкүйерлерге арнайы сектор бөлінгенін айта кетейік.

Билетті жабық сілтеме арқылы сатып алуға болады. Сілтемеге өту үшін marketing.manager@kff.kz поштасына байланысқа шығуыңызды сұраймыз. Билеттің бағасы: 27 000 теңге (шамамен 54 евро).

Назар аударыңыз! Билеттер саны шектеулі. Сілтеме тек 30 қазанға дейін ғана қолжетімді болады.

Жанкүйерлер стадионға ойынның басталуына 2 сағат бұрын кіре алады (жергілікті уақытпен 18:45-тен бастап).

Ұлттық құрамаға бірге жанкүйер болайық! Сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет!

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары