Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеуіндегі Сан-Марино және Словенияға қарсы матчтарға арналған кеңейтілген құрамы

Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеуіндегі Сан-Марино және Словенияға қарсы матчтарға арналған кеңейтілген құрамы

27 қазан 2023, 14:54
Оқу-жаттығу жиыны 5 қарашада Астанада басталады.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Сан-Марино (17 қараша) және Словения (20 қараша) құрамаларына қарсы өтетін ойындарға шақырылатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Тізімге 40 ойыншы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»), Даниил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранқұлов, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Александр Зуев (ИМТ, Сербия), Егор Ткаченко, Дамир Қасаболат (екеуі де – «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Самат Жарынбетов, Ислам Чесноков, Бейбіт Ғалым (барлығы – «Тобыл»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Әділхан Добай («Мақтаарал»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»), Иван Свиридов («Шахтер»), Бақдәулет Зүлфикаров («Қайсар»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Эльшад Хинизов – сарапшы бапкер.

Оқу-жаттығу жиыны 5 қарашада Астанада басталады. Соңғы құрам кейінірек анықталады.

Еске сала кетейік, қараша айында Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында соңғы екі матчын өткізеді. 17 қарашада Магомед Адиев шәкірттері Сан-Мариноны қабылдайды. Ойын Астанада, «Астана Арена» стадионында өтеді және елорда уақытымен 21:00-де басталады. Билеттер 30 қазанда сатылымға шығады. Үш күннен кейін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен ойнайды. Ойын Люблянадағы «Стожице» стадионында өтеді. Басталуы Астана уақытымен 01:45 (жергілікті уақытпен 20:45). Сырттағы Словенияға қарсы матчтың билеттері туралы ақпаратты мына сілтемеден табуға болады.

«OLIMPBET» букмекер компаниясы - футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас серіктесі

Sport Qory спортты қолдау қоры - Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары