Қазақстан әйелдер құрамасының Эстония және Арменияға қарсы матчтарының аккредитациясы

Қазақстан әйелдер құрамасының Эстония және Арменияға қарсы матчтарының аккредитациясы

28 қараша 2023, 12:05
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңі аясындағы Қазақстан әйелдер құрамасының  Эстония және Арменияға қарсы матчтарында жұмыс істеу үшін аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.

Аккредитацияға өтінім беру үшін press@kff.kz электронды поштасына немесе +7 778 281 81 26 немесе +7 747 270 8913 WhatsApp нөмірінен жазыңыз.

Эстонияға қарсы матч 1 желтоқсанда Астана уақытымен 20:00-де өтеді. Артынша 5 желтоқсанда Арменияға қарсы матч жоспарланған. Ойынның басталуы – 21:00-де. Екі кездесуді де Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Аккредитациялар ойын күні «Астана Аренада» беріледі.

Қазақстан – Эстония матчының медиа жоспары:

30 қараша

10:30 – Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 15 минут ашық («Астана Арена» стадионы, Астана)

17:00 – Эстония ұлттық құрамасының жаттығуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 15 минут ашық (ҚФФ манежі, Астана)

1 желтоқсан («Астана Арена» стадионы, Астана)

20:00 – Қазақстан – Эстония матчы

 

Қазақстан – Армения матчының медиа жоспары:

4 желтоқсан («Астана Арена» стадионы, Астана)

18:00 – Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 15 минут ашық;

20:00 – Армения ұлттық құрамасының жаттығуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 15 минут ашық.

5 желтоқсан («Астана Арена» стадионы, Астана)

21:00 – Қазақстан – Армения матчы

«OLIMPBET» букмекерлік кеңсесі – футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас серіктесі

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры – Қазақстан әйелдер футбол командасының бас серіктесі

«Sport Qory» спортты қолдау қоры Қазақстан құрама командаларының серіктесі 

Бөлісу
Жоғары