ҚФФ ҚР Қорғаныс министрлігімен ынтымақтастықты нығайтады

ҚФФ ҚР Қорғаныс министрлігімен ынтымақтастықты нығайтады

19 қаңтар 2024, 16:20
Астанада Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов пен Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов кездесуі өтті.

Қорғаныс министрі ALAN жобасы аясында Алматыдағы Орталық спорт клубының футбол алаңын қайта қалпына келтіру жұмысына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Атқарылған жұмыстардан кейін спорт нысаны халықаралық деңгейдегі матчтық кездесулерді өткізуге мүмкіндік беретін ФИФА мен УЕФА стандарттарына толық сәйкес келеді.

Кездесу барысында орталық спорт клубының футбол инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақәскерге шақырылуға жататын 18-27 жас аралығындағы жастар арасында футболды дамыту мәселесі көтерілді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары