Грекиямен матчқа Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы

Грекиямен матчқа Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы

26 ақпан 2024, 19:00
Оқу-жаттығу жиыны 8 наурызда Дубайда басталады.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев наурызда өтетін Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалы аясындағы Грекияға қарсы матчқа шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі жариялады.

Жалпы тізімге 33 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат Быстров, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (бәрі – «Астана»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі де – «Актобе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);

Жартылай қорғаушылар:  Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (екеуі де – «Ордабасы»), Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов (бәрі – «Актобе»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобол»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Эльхан Астанов, Владислав Прокопенко, Рамазан Кәрімов (бәрі – «Астана»), Иван Свиридов («Елімай»)

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады. Грекия  – Қазақстан матчы наурыздың 21-нен 22-не қараған түні Афинада өтеді.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары