Орынбасар Дәуренбекова: Бірінші минуттан бар назарымыз тек ойында болып, өз мүмкіндігімізді қолдануымыз қажет

Орынбасар Дәуренбекова: Бірінші минуттан бар назарымыз тек ойында болып, өз мүмкіндігімізді қолдануымыз қажет

02 сәуір 2024, 11:17
Қазақстан U-19 қыздар құрамасының бас бапкері Орынбасар Дәуренбекова команданың Тбилисиде өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына дайындығы туралы айтып берді.

– Оқу-жаттығу жиыны жемісті өтті. Дайындық барысында Қырғызстанның ОРМБЖ командасына қарсы бақылау матчын өткізіп, жоғары прессинг арқылы қорғаныстан жылдам шабуылға шығу тактикасын дайындадық.

ҚР чемпионаты әлі басталмағанын ескерсек, қыздардың физикалық және функционалды жағдайы жақсы. Ал алдағы ойындарға тамаша көңіл-күймен дайындалып жатырмыз. 

Қарсыластардың ойынын қарап, сараптадық. Олардың мықты және әлсіз тұсын анықтадық. Үш команданың да тосынсый бар. Эстония құрамасы қарымта шабуылда жиі ойнаса, Грузия мен Солтүстік Ирландия шабуылдағанды ұнатады. Қарсыласты бағаламауға болмайды. Бірінші минуттан бар назарымыз тек ойында болып, өз мүмкіндігімізді қолдануымыз қажет.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары