Қазақстан U-21 жастар құрамасы өз алаңында Мажарстаннан жеңіліп қалды

Қазақстан U-21 жастар құрамасы өз алаңында Мажарстаннан жеңіліп қалды

26 наурыз 2024, 21:00
Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Мажарстанға есе жіберді.

Алматыда өткен матч 0:3 есебімен аяқталды. Орталық стадионға ойынды тамашалау үшін 9170 көрермен келген.

Қазақстан U-21 – Мажарстан U-21 – 0:3

Голдар: Кошновски 34, Кереши 48, Бенье 90+3

Ескерту: Свиридов 54, Асқаров 67

Қазақстан U-21: Пивкин (Қ), Қалмырза (Қалдыбеков  57), ​Қасабұлат,  Жұмаханов (К), ​Асқаров, Ткаченко, Халматов (Жақсылық 57), Назымханов (Есімбеков 81), Митрофанов (Анкудинов 57), Свиридов, Труфанов (Ғалым 71);

Қосалқы құрам: Карпиков (Қ), Сатышев, Широбоков, ​Мрынский​;

Бас бапкер: Константин Горовенко

Мажарстан U-21: Хэджи (Қ), Яакобишвили, Сабо, Сингер, Ката, Немет, Кережи (Мольнар 56), Кошновский (Хорват 88), Виталис (Бенье 63), Ковач (Вайда 46), Бенценляйтнер;

Қосалқы құрам: Дузс (Қ), Иинбор, Алаксай, Юрек, Эрдёх;

Бас бапкер: Золтан Селеши

Төрешілер: Виталлис Спасионниковс, Раймонд Татрикс, Евгений Морозов, Александр Онуфриев (бәрі – Латвия);

26.03.2024. «Орталық» стадион, Алматы

Бөлісу
Жоғары