Бақтиер Зайнутдинов: «Бүкіл Қазақстанның қолдауын сезініп жүрміз»

Бақтиер Зайнутдинов: «Бүкіл Қазақстанның қолдауын сезініп жүрміз»

20 наурыз 2024, 21:08
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Еуро-2024 іріктеу кезеңінің плей-офф аясында Грекиямен болатын ойын жайлы пікірін білдірді.

– Бүкіл Қазақстанның қолдауын сезініп жүрміз. Біз үшін толық стадион кедергі болмайды. Осы ойынды барлық жанкүйер қатты күтіп жүргенін білеміз. Қазақ бауырларымыздан көптеген хаттар келеді. Өз күшімізге сенеміз.

Грекия құрамасында жұлдыз ойыншылар аз деп ойламаймын. Оларда Цимикас, сондай-ақ Түркияда ойнаған, қазір Грекия чемпионатында өнер көрсетіп жүрген Бакасетас бар. Грекия – өте мықты команда, бірақ біз олардан қорықпаймыз.

Бөлісу
Жоғары