Астанада UEFA Grassroots Awards Winners 2023/24 аясында балаларға арналған футбол фестивалі өтті

Астанада UEFA Grassroots Awards Winners 2023/24 аясында балаларға арналған футбол фестивалі өтті

18 наурыз 2024, 18:06
Футбол үйінде UEFA Grassroots Awards Winners 2023/2024 марапатына орай балаларға арналған футбол фестивалі өтті.

ҚФФ Бұқаралық футбол департаментінің 2023 жылы өткізген «Балалар үйі шәкірттері арасындағы футбол фестивалі» жобасы 2024 жылдың қаңтарында UEFA Grassroots Awards аясында 2023/2024 маусымында «Үздік қатысу бастамасы» номинациясында жеңімпаз атанды.

Фестивальге Балаларды қолдау орталығы мен «Астана қ. SOS балалар ауылының» өмірлік қиын жағдайдағы 69 баласы қатысты. 

Фестиваль аясында балаларға арналған түрлі шеберлік сабақтар, «Жеңіс» ФК футбол орталығының ойыншылары мен жаттықтырушыларының қатысуымен көңілді эстафеталар өтті. 

Сондай-ақ фестиваль қатысушылары Қазақстан футболы музейінде қонақта болып, түрлі құнды жәдігерлермен танысты. 

Айта кетейік, ҚФФ аясындағы «Балалар үйі шәкірттері арасындағы футбол фестивалі» жобасы 2023 жылы бірнеше ай бойы өтіп, Қазақстан балалары үйі шәкірттеріне командалық жұмыс, физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту мен  қолайлы әлеуметтік орта құруға бірегей мүмкіндік болды.

Фестиваль Қостанай, Павлодар, Тараз, Алматы, Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Қарағанды және Бурабай қалаларында өтті.

UEFA Grassroots Awards-қа үміткерлерді Еуропа ұлттық футбол қауымдастықтары ұсынады, ал жүлдегерлерді УЕФА-ның даму және техникалық көмек комитеті бұқаралық футбол іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі комиссия тұжырымдаған ұсыныстар негізінде таңдайды. Марапат 2010 жылы басталып, УЕФА бұқаралық футболды дамыту бағыты бойынша 42 ұлттық қауымдастық мүшелердің жеңімпаздарына 127 марапат табысталды. 

Бөлісу
Жоғары