Қазақстан ұлттық құрамасы Түрікменстанды жеңді

Қазақстан ұлттық құрамасы Түрікменстанды жеңді

14 наурыз 2024, 21:47
Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан мен Түрікменстан ұлттық құрамалары арасында жолдастық ойын болды.

Ойынның 2-минутында Ислам Чесноков Максим Самородовтың пасынан кейін есептті ашты. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.

Үзілістен кейін 47-минутта Александр Зуев алыстан тоғыздықты көздеп, есепті еселеді.

Айта кетейік, екі жақтың келісімі бойынша матч жабық түрде өтті және ойынның хаттамасы мен шолуы болмайды.

Қазақстан – Түрікменстан – 2:0 (1:0)

Голдар: Чесноков 2, Зуев 47.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары