Қазақстан жастар құрамасының Шотландия мен Мажарстанға қарсы матчтарға шақырту алған ойыншылар тізімі

Қазақстан жастар құрамасының Шотландия мен Мажарстанға қарсы матчтарға шақырту алған ойыншылар тізімі

07 наурыз 2024, 19:45
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Константин Горовенко ЕУРО-2025 іріктеу кезеңі аясында өтетін Шотландия мен Мажарстанға қарсы матчтар қарсаңындағы ОЖЖ-ға шақырту алған футболшылар тізімін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 10 наурыз күні Алматыдағы «Қайрат» футбол клубы Академиясының базасында басталады. Жиын барысында екі бақылау матчы жоспарланған. Қарсыластар туралы ақпаратты кейінірек хабарлаймыз.

Наурыз айында Қазақстан U-21 құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді. Алдымен Қазақстан U21 құрамасы 21 наурызда сырт алаңда Шотландиямен кездеседі. Артынша өз алаңымызда Мажарстанды қабылдаймыз. Ойын 26 наурызда 19:00-де Алматының Орталық стадионында өтеді.

Қазақстан жастар құрамасы:  

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Жеңіс»), Никита Пивкин («Қайрат»), Данила Карпиков («Шахтер»);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Атырау»), Дамир Қасабұлат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Сұлтан Асқаров, Егор Ткаченко, Лев Кургин (бәрі – «Қайрат»), Даниил Нырков («Ертіс»), Асқар Сатышев («Қайсар»);

Жартылай қорғаушылар: Нұрғайни Бөрібаев, Бейбіт Ғалым (екеуі де – «Тобыл»), Мейрамбек Қалмырза («Жетісу»), Давид Есімбеков («Черноморец», Ресей), Муроджон Халматов («Каспий»), Абылайхан Назымханов, Айбар Абдулла (екеуі де – «Шахтер»), Нұрали Жақсылық («Астана»);

Шабуылшылар: Данил Анкудинов («Днепр-Могилев», Беларусь), Иван Свиридов («Елімай»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь);

Қосалқы құрам: Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»), Ален Айманов («Елімай»), Дархан Бердібек («Каспий»), Ғалымжан Кенжебек («Жеңіс»), Сэйф Попов, Ян Труфанов (екеуі де – «Қайрат»);

Бапкерлер штабы: Константин Горовенко – аға бапкер, Елдос Ахметов – аға бапкердің көмекшісі, Денис Мамонов – аға бапкердің көмекшісі, Нұрғазы Хайрулин – қақпашылар бапкері, Біржан Хабит – видеосарапшы, Бауыржан Абаев – дәрігер, Қайратали Күнходжаев – массажист, Ердос Кәлімов – массажист, Дінмұхамед Оралов – менеджер, Қуаныш Мұханбет – администратор.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан жастар құрамасының бас серіктесі

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары