Шымкентте футбол матчтары барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша семинар өтті

Шымкентте футбол матчтары барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша семинар өтті

29 ақпан 2024, 18:00
Шымкент қаласында Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Ішкі істер министрлігінің бірлескен іс-шарасы өтті.

Семинар футбол матчтары барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және келісілген ойындардың алдын алуға бағытталған. Аталмыш шараға 2024 жылғы OLIMPBET-Қазақстан чемпионатына қатысушы клубтардың қауіпсіздік қызметкерлері мен ҚР ІІМ аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысты. 

Іс-шара барысында ҚФФ талаптарына сай матч барысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты бірқатар тақырып қозғалды. Сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету, клуб жанкүйерлерімен жұмыс, клубтардағы келісілген ойындардың алдын алу бойынша жұмысты күшейту жолдары қарастырылды.

ҚР ІІМ атынан полиция подполковнигі, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқармасы басшысының орынбасары Айдын Оразбаев сөз сөйледі.

Бөлісу
Жоғары