Қазақстан қыздар құрамасының ЕУРО-2025 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Қазақстан қыздар құрамасының ЕУРО-2025 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

05 наурыз 2024, 17:20
Швейцарияның Ньон қаласында 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстан жастар құрамасы Румыния, Болгария және Армения командаларымен С4 тобына бірге түсті. 

Іріктеу ойындары сәуірде басталып, шілде айына дейін жалғасады. С лигасының топ жеңімпаздары ЕУРО-2025 іріктеу кезеңінің плей-офф сатысына жолдама алады. 

ЕУРО-2025 финалдық кезеңі Швейцарияда өтеді. 

Бөлісу
Жоғары