Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

02 наурыз 2024, 19:00
Премьер-Лига клубтары арасындағы OLIMPBET-Қазақстан Республикасы чемпионатының алғашқы туры аясындағы Алматы қаласында өткен «Астана» – «Жеңіс» кездесуінде VAR жүйесі матч бойы жұмыс істеді.

Оның істен шыққаны туралы мәлімдеме шындыққа жанаспайды. Матч кезінде ешқандай техникалық ақау не болмаса өзге де проблемалар болған жоқ. Төрешілер тобының қажет болған жағдайда VAR жүйесіне жүгінуге мүмкіндігі болды. VAR жүйесінің жұмысы жайында барлық ақпарат делегаттың хаттамасында толтырылған.

Бөлісу
Жоғары