«Қайрат» – «Жұлдыз» республикалық турнирінің жеңімпазы

«Қайрат» – «Жұлдыз» республикалық турнирінің жеңімпазы

09 наурыз 2024, 19:00
Алматыда 17 жасқа дейінгі қыздар командалары арасында «Жұлдыз» республикалық турнирі аяқталды

1-8 наурыз күндері аралығында ЦСКА стадионында 2007 жылға дейін туған қыздар командалары арасындағы республикалық турнир мәресіне жетті. Айта кетейік, ЦСКА стадионында ALAN жобасы аясында жаңа алаң төселді. 

Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Жұлдыз» турнирі УЕФА-ның «Hat-Trick» жобасы аясында өтті. Жарысқа былтыр чемпионатта алғашқы ондыққа енген командалар бақ сынады.

Турнирдің финалында «Шахтерді» 6:0 есебімен жеңген «Қайрат» жеңімпаз атанды. Үздік үштікті «Ордабасы» түйіндеді.

Марапаттау рәсіміне ҚФФ Бас хатшысы Андрей Дудин, Алматы қаласы футбол Федерациясы президенті Афет Мехтиев және Қазақстан жастар құрамасы мен «Қайрат» ФК ойыншысы Дамир Қасабұлат қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша жеке номинациялардың жеңімпаздары:

Үздік қақпашы – Каролина Гук («Астана»)

Үздік қорғаушы – Ругая Гаджиева («Шахтер»)

Үздік жартылай қорғаушы – Елизавета Медведева («Ақсу»)

Үздік шабуылшы – Полина Тучина («Қайрат»)

Сұрмерген – Эльнура Катран, 8 гол («Ордабасы»)

Үздік ойыншы – Назым Алданазар («Қайрат»)

ҚФФ Бас хатшысы Андрей Дудин Қазақстан WU-17 құрамасының іріктеу кезеңі матчтары қарсаңында бұл турнирдің маңызы көп екенін атап өтті:

«Турнир қыздар командалары үшін маусымды жақсы бастауы болды. Сондай-ақ УЕФА қолдауымен өткен бұл жоба 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасын дайындауға көмегін берді. Жарыстың финалдық матчтарын арнайы 8 наурызда өткізуді шештік. Бұл күн Халықаралық әйелдер күнімен қоса, әйелдер футболы күні саналады», – деді Дудин.

«Қайрат» командасы мен Қазақстан U-17 әйелдер құрамасының жаттықтырушысы Мария Ялова да турнир туралы пікірімен бөлісті.

«Барлық команданың бапкерлерінің атынан турнир жоғары деңгейде өткенін айтқым келеді. «Жұлдыз» 17-24 наурыз күндері өтетін іріктеу матчтары қарсаңында U-17 құрамасы үшін жақсы дайындық болды. Ойыншылардың қандай бабында екенін көрдік. Бұған қоса, чемпионаттың бірінші турына да дайындық болды. Турнир жоғары деңгейде өтті. Басқа да жас командалары үшін осындай турнир болады деп үміттенемін», – деп атап өтті Ялова.

«Жұлдыз» республикалық турнир матчтарының нәтижесі:

1-тур (1 наурыз)

Томирис-Тұран – Астана – 0:1

Қайрат – Ордабасы – 1:1

Ақжайық – Оқжетпес – 0:1

Ақтөбе – Ақсу – 2:0

 

2-тур (2 наурыз)

Томирис-Тұран – Шахтёр – 1:0

Қайрат – Тараз – 6:1

Астана – Оқжетпес – 2:1

Ордабасы – Ақсу – 5:0

 

3-тур (4 наурыз)

Астана – Ақжайық – 4:0

Ордабасы – Ақтөбе – 3:0

Оқжетпес – Шахтёр – 0:8

Ақсу – Тараз – 2:2

 

4-тур (5 наурыз)

Томирис-Тұран – Ақжайық – 4:3

Қайрат – Ақтөбе – 5:0

Астана – Шахтёр – 0:2

Ордабасы – Тараз – 4:0

 

5-тур (7 наурыз)

Томирис-Тұран – Оқжетпес – 5:0

Қайрат – Ақсу – 7:0

Шахтёр – Ақжайық – 4:0

Тараз – Ақтөбе – 3:3

 

Финалдық ойындар (8 наурыз)

3-орын үшін матч:

Томирис-Тұран – Ордабасы – 1:2

 

Финал:

Шахтер – Қайрат – 0:6

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары