Алматыда Еуро-2023/24 екінші іріктеу кезеңі матчтары өтеді

Алматыда Еуро-2023/24 екінші іріктеу кезеңі матчтары өтеді

17 наурыз 2024, 18:00
18-24 наурыз күндері 17 жасқа дейінгі қыздар құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының екінші іріктеу кезеңі аясында матчтар өтеді.

«В» Лигасының 4 тобында Қазақстан U-17 құрамасы Босния және Герцеговина, Эстония, Армения командаларымен ойнайды. Матчтарды Алматы қаласындағы Тимур Сегізбаев атындағы академия мен Талғар қаласындағы ұлттық құрама базасы қабылдайды. 

Әр топтың алты жеңімпазы және өз тобында бірінші мен үшінші командаға қарсы үздік көрсеткіші бар екінші орын иегері 2024/25 маусымда А Лигасының бірінші кезеңінде өнер көрсетеді.

Матчтарды тікелей эфирде KFF YouTube-арнасы көрсетеді.

«В» Лигасы. 4 топ. Екінші іріктеу кезеңі матчтарының күнтізбесі:

1 тур. 18 наурыз

13:00. Ұлттық құрама базасы, Талғар. Босния және Герцеговина – Қазақстан

17:00. Т.Сегізбаев атындағы академия, Алматы. Армения – Эстония

2 тур. 21 наурыз

13:00. Ұлттық құрама базасы, Талғар. Эстония – Қазақстан

17:00. Т.Сегізбаев атындағы академия, Алматы. Босния және Герцеговина – Армения 

3 тур. 24 наурыз

14:00. Ұлттық құрама базасы, Талғар. Қазақстан – Армения 

14:00. Т.Сегізбаев атындағы академия, Алматы. Эстония – Босния және Герцеговина

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары