Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы Алматыда жиын өткізеді

Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы Алматыда жиын өткізеді

20 сәуір 2024, 14:55
Футзалдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Жиын 30 сәуірге дейін ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Кака бастауымен жалғасады.

Жиынға шақырту алған ойыншылардың тізімі:

Қақпашылар: Артур Галиханов («Аят»), Әскер Наурызбаев («Бәйтерек»), Нұрболсын ⁠Аманжолов («Тұлпар»);

Алаңдағы ойыншылар: Георгий Калачев («Тұлпар»), Имран Абдрахманов («Қайрат»), Сайфулла Қоспанов, Александр Когай (екеуі де – «Ақтөбе»), Әләзиз Камалов («Рахмет»), Айдар Әли («Алатау»), Нұркелді Абдулла, Мирас Мұрат (екеуі де – «Каспий»), Әлімжан Сейтнұр («Жетісу»), Ғалы-Арслан Шоқан («Прогресс»), Нұрмұхаммед Исмаилов, Арлан Тасболат (екеуі де – «Аят»), Диас Нышанов («Ордабасы»), Асқар Саяуыш («Бәйтерек»), Даниял Бегалы («Астана»);

«Жиын Алматыдағы Олимпиадалық даярлық орталығында өтіп жатыр. Бұл біздің екінші жиынымыз. Өткен айда 12-күндік дайындық өткізген болатынбыз. Осы жиынға біз 18 футболшы шақырдық, оның 6 ойыншысы өткен айдаға ОЖЖ-да болған жоқ. Жиынның басты мақсаты – ұлттық құрамаға ойыншыларды дайындау және жас ойыншылардың деңгейін тексеру», – деді Кака.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары