Әйел жаттықтырушыларға арналған семинар басталды

Әйел жаттықтырушыларға арналған семинар басталды

25 мамыр 2024, 10:00
24 мамыр күні Алматыда УЕФА-ның «А» және «В» санатты лицензиясына оқып жатқан әйел бапкерлер мен «А» санаты бар әйел жаттықтырушыларға арналған біліктілікті арттыру және дарынды ойыншыларды іздеу мен анықтау бойынша семинар басталды.

27 мамырға дейін өтетін оқыту курсын ҚФФ ұйымдастырып жатыр. Бұл жоба қыздар футбол командасын дайындау және дамыту аясында өтуде.

Семинардың басты мақсаты - еліміздегі қыздар футболын дамуына ықпал ететін бапкерлік біліктілікті арттырып, жаңа практикалық әдістемелерді үйрету. Семинарға ФИФА және УЕФА-да а жаттықтырушылық және оқытушылық жұмыс тәжірибесі мол нұсқаушы Каролин Кунше қатысып жатыр.

Оқыту бағдарламасы практикалық және теориялық сабақтар кезеңінен тұрады. Семинар барысында қатысушылар оқу жоспарын жүргізу, ойыншының әлеуетін іздеу мен дамыту тәсілдерін қамтитын скаутинг негіздерін үйренеді, сондай-ақ алған жаңа білімдерін практикада іске асыруға мүмкіндік алады.

Бөлісу
Жоғары