Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға шақырылған кеңейтілген ойыншылар тізімі

Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға шақырылған кеңейтілген ойыншылар тізімі

20 мамыр 2024, 21:41
Маусым айында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армения және Әзербайжан құрамаларымен жолдастық матч өткізеді.

Ұлттық құрама 2 маусым күні Алматыда жиналады. Үш күндік оқу-жаттығу жиынынан соң команда Ереванға жол тартады.

Армения – Қазақстан жолдастық матчы 7 маусым күні 21:00-де В.Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтеді. Әзербайжанмен өтетін жолдастық ойын 11 маусымға жоспарланған. Матч Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Магомед Адиев Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады. Тізімге 34 футболшы енді.

Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Руслан Валиуллин, Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат Быстров, Ян Вороговский, Александр Марочкин, (бәрі – «Астана»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов, Әлібек Қасым (бәрі – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей), Михаил Габышев («Елімай»), Әділхан Добай («Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (бәрі – «Ордабасы»), Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Арман Кеңесов, Рамазан Оразов, Максим Самородов (бәрі – «Ақтөбе»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана»), Владислав Прокопенко («Жеңіс»), Иван Свиридов («Елімай»);

Бапкерлер штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер, Арсений Савенко – сарапшы, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.

Қазақстан құрамасының матчтар күнтізбесі:

7 маусым

Армения – Қазақстан

В.Саркисян атындағы Республикалық стадион, Ереван, Армения

11 маусым

Әзербайжан Қазақстан

«Халадаш» стадионы, Сомбатхей, Мажарстан.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары